Мен өмірді қалаймын –
Күліп атқан таңымен.
Жылы сөз бен жақсы ойдың
Тұнып тұрған шағымен.

Мен өмірді қалаймын –
Күннің нұры төгілген.
Игі жақсы жандардың,
Ақ ниеті сезілген.

Мен өмірді қалаймын –
Арманыммен, үмітпен.
Есірткісіз ғаламды
Сүйем ғазиз жүрекпен.

Мен өмірді қалаймын –
Салауатты саулықпен.
Әдеттерден зиянды,
Жақын емес аулақпын.

Көңілге түсірер қаяу мұң,
Есірткі аздырады талайын.
Бақытты сәттерін сыйлаған,
Мен жарқын өмірді қалаймын!
Серікова Ақұлман,
292 орта мектебінің
7 а сынып оқушысы
Жетекшісі: Курманаева Сауле
Арал ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!