Өмір деген ақ айдын,
Бағы жанды талайдың.
Бірде түзу, қисық жол,
Түз жолға  қараймын.

Өмірді мен таңдаймын,
Жақсыларды қармаймын.
Әр сәтімнен қуат ап,
Тек биікке самғаймын.

Өмірдің бар кезеңін,
Қуана мен кеземін.
Жамандықтан жиренсем,
Жақсы  келер  сеземін.

Арзан күлкі, ішімдік,
Жүрмес одан ісің нық.
Есірткінің салдарын,
Зерттеп қарап, түсіндік.

Алар болсаң  қолыңа,
Түсерсің өз орыңа.
Дер кезінде аяқ  тарт,
Тұсау болар жолыңа.

Құмартпайық  арзанға,
Деп айтамын әр жанға.
Болашақты құрар - біз,
Құлаш сермеп арманға!
Дайрабай Ерсінәлі
Б.Ермекбаев атындағы №271 орта мектебі
11-сынып оқушысы,
Қызылорда қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!