Мен өмірді қалаймын шын,таза,
Келешегім жарқын,мен оған куә.
Әр күнім менің-бақыттың шуағы,
Мен өмірді қалаймын,еркін де жаңа!
Мен өмірді қалаймын нұрға толы,
Есірткімен емес,бақытты болар жолы.
Жақындарыммен бірге қол ұстасып,
Армандарымызға жетеміз,міне,сол күні.
Есірткіден аулақ бол,жолыңды тап,
Жарық күнге ұмтыл,биікке самғап.
Бос қиялға ермей, өмірді таңдап,
Мен өмірді қалаймын,алға қадам аттап.
Жалғанға берілме,жалындап жан!
Достарға сенім артып,алға ұмтыл сан.
Болашақ сенен үміт күтуде,жас достар,
Есірткісіз өмір-ең асыл арман!
Нұрай Нұрланқызы
Ұ.Қараманов атындағы √262 мектеп-
гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!