Мен өмірді қалаймын, уайымсыз өткен күндермен,
Өмір сүріп өткен емес бүгінмен.
Жаныңа демеу, қанатында жақсымен
Қуана біл, шаттана біл өмірмен.
Тыңдаңызшы, құлақ түріп айтып жатқан сөзіме,
Болу керек адам сақ боп әрбір басқан ісіне.
Қоғам деген қатыгез, шала берер аяқтан,
Қарамайық ешқашанда жамандықтың көзіне.
Мән бермейміз байқамаспыз басында,
Кейін сор боп жабысады басыңа.
Аты да, заты да жат есірткі деген дүние,
Көбейді ғой жұлдыздан көп бүгінде.
Көрсетпейді, аңғартпайды жақсы менен жаманды,
Тірі өлік қып улап бітер адамды.
Достарыңды, отбасыңды бәрінен де жат қылып,
Бірте-бірте жоқ қылады түйсік пенен сананы.
Айырыласың жақыныңнан, туысыңнан, бауырдан да,
Артық болып кетер-ау, баға жетпес жаныңнан да.
Шалыс басып жүргенде көр соқыр боп,
Сол есірткі саған жолдас, саған сырлас бола ала ма?
Айналыссаң спортпен тыныш болар айналаң,
Жақыныңмен тату болсаң, жан жағыңда той думан.
Уақыт бөліп отбасыңа, ата-анаңа, ініңе,
Қарындасқа, әпкеге,
Өтейікші шын сыйласқан, жақсы адам болып өмірде!
Қожамұратова Айдана
Арал қаласы, 220 орта мектебінің 9 “б” сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!