Өмір ғажап!
Есірткіге жолама!
Тұтылсаң азап!
Асқан қорлық бола ма?
Сауатты өмірді серік ет,
Саналы досқа бұл міндет.
Сауық үшін әрдайым
Өзіңе қыл зор құрмет.
Оңай олжа оңдырмас
Ойланып іс қыл, қалайда
Жоламашы жарай ма?
Адасып қалма, абайла!
Қалаймын мен өмірді!
Ғажап, әсем көңілді.
Ата-анам қолдаушым!
Ұнатам осы кезімді.
Жақсы менен достастым,
Жалқаулықпен қоштастым,
Жақсы іске болысамын
Жаман доспен қоштастым.
#мен өмірді қалаймын!
Айзере ХАКІМ,
А.Хангелдин атындағы №179 орта мектептің 10 сынып оқушысы,
Қарауылтөбе ауылы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!