Мен өмірді қалаймын саулығымен –
Үміт етіп әр сәттің тәулігінен,
Шымыр болсам Отанға пайдам тиген,
Жарқын өмір келеді жан саулықпен.

Мен өмірдің қалаймын сауаттысын,
Салғырт емес, өзіме жауаптысын.
Миымды улап мәңгүрттік есірткімен
Дос та болғым келмейді ләззат дертпен.

Мен өмірді қалаймын бақытымен.
Қызметім басталар осы күннен.
Аулақ болсын ата-анам қасіреттен,
Сақтанайық, достарым, ғасыр дерттен!

Мен өмірді қаламаймын қара түнек –
Сан түрлісі кететін бойды билеп...
Тәуелсіздік жолында күрескен ед
Есірткіге тәуелдену – жараспас дерт.

Мен өмірді қаламаймын азғындалған,
Азат еткен ұрпағын қайран бабам
Майдаланып бүгінде қайда барам?..
Жол ашатын жарқын өмір қайда маған?

Таңдау менде тағдырдың қаламымен,
Ақ параққа жарқын өмір жазармын мен!
Кілті бізде дені сау бар ғаламның,
Сен де,  мен де – үміті бұл қоғамның.
Мархаббат МЕДЕТОВА,
№273 орта мектебінің 8-сынып оқушысы,
Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!