Біз жастармыз өмірді біз қалаймыз
Ғажап оны әрқашанда санаймыз
Ал замандас өзің қалай ойлайсың?
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Алла берген өмір бір-ақ сен ұғын
Тағдыр жолы оңай емес, мың құрдым
Анашамен никотинді шеккенмен
Қарсы келер құрал тек иман, ділің.
Анаша арманың сенің болмасын,
Есірткіге елікпегін, ей, жасым!
Мойымашы тағдыр салған тезіне,
Шын тілегім, құдай өзі қолдасын!
Ата-бабаң елікпеген ащы су,
Аға-әпкең желікпеген жынды су.
Тамырыңды өзің қима, бауырым,
Өмір деген жаманменен алысу.
Қарсы қарап күрес, белді бекем бу,
Өмір ғажап мен өмірді сүйемін!
Қызығымен қуанышын көремін,
Қиындығын бірге бөліп жеңемін!
Әрбір қазақ батыр,
Бір-біріне жақын,
Сырттан келген үрдіс,
Елді былғап жатыр.
Нашақорлық дерті,
Елге еліп енді.
Жастарымыз жайлап
Өзін-өзі езді.
Есірткі мен наша,
Болашаққа шатақ.
Қамданайық аздап,
Ойланайық, қазақ!
Медина АРАПБАЙ
№208 орта мектебі
Жаңақорған ауданы