Мен өмірді қалаймын шуақ нұрға,
Жүрек толы үмітке, тәтті жырға .
Күн сайын таң атқанда күлімдеймін,
Жаңа арман жетелеп, алып қырға.
Мен өмірді қалаймын таза күйде,
Жақсылықпен жанымның жазын сүйде.
Достық, мейір, махаббат араласқан,
Бақыт қонған жүректің назы бірге.
Мен өмірді қалаймын еркін самғап,
Арманыммен аспанға ұшсам самғап.
Тіршіліктің әр сәтін бағалаймын,
Жылулықты таратсам жанға арнап.
Есірткісіз өмірдің мәні қандай,
Сұрама сен олайша білмес жандай.
Көк тұманға кіресің дым көрмейтін,
Өмірдің рахатын сезіне алмай.
Каусар ТАСҚАЛИ,
Қарасақал Ерімбет атындағы
№96 орта мектебінің 10 сынып оқушысы,
Қазалы ауданы, Бозкөл ауылы.
Жетекшісі: Жеңіс Өтепбергенов