Тұран ауылы текті ұрпақтар бесігі, 
Өнеге боп ашылған әр есігі.
Зиянды іске зейін қоймас жастармыз, 
Адалдықты ұлық тұтқан шешімі.

Салауатты өмір біздің салтымыз,
Біздерді алға жетелейді жарқын із.
Біз өмірді қалайтын шын ұрпақпыз,
Есірткіге қарсы әрбір қалпымыз!

Білім, өнер, спорт жолы сәулелі, 
Кітап сөзі жанымызға нәрлі еді.
Қарсы қойған жамандыққа біздерді,
Жалын атқан жанымыздың бар демі

Нашақорлық, уытқұмар оңбайды,
Жақсылықты ұқпайтындар сорлайды.
Өмірді шын қала деп бар балаға,
Біздің жүрек жарқын жырын жолдайды!
Әзімхан Олжабай,
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
158 орта мектебінің
6 “Б” сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!