Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған байқауға


Мен өмірді қалаймын

Жерде тудым қасиет құндақтаған,
Адамдықтан кезім жоқ сырғақтаған.
Түтінінен шылымның будақтаған
Самаурынның иісі қымбат маған.

Достарыма беруім тиіс үндей.
Құлағыма бұлақтың күйі сіңгей!
Бұл әлемде бірде-бір ғаламат жоқ
Туған жер табиғатының иісіндей!

Сүйгендіктен таза ауа, таң самалын,
Әр күнімді үмітпен қарсы аламын.
Бойымды аулақ ұстаймын жат қылықтан
Дүниеге жасайтын қанша обалын.

Жаным таза, бейне бір тұнған айдын,
Мен өмірді қалаймын. Шын қалаймын!
Салауатты өмірдің салтын ұстап,
Адамдықтың шыңына ту қадаймын

#есірткігеқарсыбайқауы
Назым Бақытжанова
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы
№102 мектеп 
9-сынып оқушысы 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!