Әбділда Тәжібаев атындағы қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бүлдіршін қатысушыларымыз “Мен полицей боламын”тақырыбы бойынша бақ сынасты. Байқаудың жас қатысушылары сурет салуға аса қызығушылықпен қарады.
”Менің әкем полиция қызметкері, сондықтан мен сурет байқауына үлкен қуанышпен қатыстым. Полиция болу оңай емес, өйткені ол әрдайым қиындыққа тап болған адамға көмектесуге дайын. Мен қай қызметке баратынымды әлі шешкен жоқпын, бірақ мен әкемнің жолын жалғастыруды және адамдарға көмектесу үшін полиция қызметкері болуды жоспарлап отырмын – деді Сұлтан Мұстафа.
Жас қатысушылар байқау соңында алғыс хаттармен марапатталды.


Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!