«Қызылорда OПД ЕБҚIКБ тарапынан жарияланған сайысына»
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт ол-адамның балалық шағы деп білемін. «Бақыт деген – сенің бала күндерің, Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің» деп мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай «Бақыт қайда барасың?» деп сұрағанда «Ынтымағы жарасқан елге барамын» депті. Бұл сөзде үлкен астарлы сөз жатыр…
Бұлай айтуымның себебі балалардың әрбір күні бақытқа толуы тиіс. Мысалы, мен өзімді өмірдегі ең бақытты жан санаймын. Мен өмірді сүйемін, өмірге құштармын. Өйткені қандай жағдай болмасын біздің отбасында қолдау, түсінушілік пен кешірімділік бар. Отбасында қолдау таппаған адам жаман әдеттерге бой алдырып, арты өкінішке ұрындыратын жаман жолға түседі.
Қазіргі уақытта ғасыр дертіне айналған есірткі қанша адамның өмірін қиып түбіне жеткен.Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, сергітетін қоспалары бар. Есірткі – дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, тәуелділікке апаратын, адамның психологиялық жағынан бұзылуға әкелетін зат.
Есірткінің зияны мен зардабы және нашақорлық жайында біз қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп, оқып, естіп жүрміз. Сонымен бірге бізге тәлім тәрбиесін беріп отырған ұстаздарымыз бен ата-аналарымыз есірткінің зияны жөнінде үнемі бізбен ашық сөйлесіп, өз ақылдарын айтып отырады.
Менің әкем дәрігер болғандықтан адам өмірі мен денсаулығы ең бірінші байлық екенін үнемі айтып түсіндіреді. Біздің отбасымыз салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі спортпен шұғылданып отырамыз. Отбасында ең бірінші үлгі ол әкеміз бізді спорттық үйірмелерге жіберіп отырады. Мен және інілерім бассейнге және футбол ойындарына қызығамыз. Ал үлкен тәтем би және тіл үйірмелеріне қатысады. Ата-анамыздың бізге көрсетіп отырған үлгілі жолымен біз осылай өсіп келеміз.
Сөзімді қорытындылай келе біз жас жеткіншек салауатты өмір салтын үнемі ұстанайық, ол дегеніміз – ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді әрекет. Осыны ұстана отырып, «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі» деп дана халқымыз айтқандай, заманына сай лайықты жас болып зиянды әдеттерден алыстап өсе берейік!
Мұсахан Исахмет,
№233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!