«Қызылорда ОПД ЕҚКІБ
тарапынан жарияланған сайысына»
Қазіргі кездегі ең үлкен мәселенің бірі – есірткіге құмар болу. Cондықтан денсаулықты бағалай білу керек. Бұл жұқпалы ауру сияқты тез таралып келеді. Бүгінде жастардың көбі есірткіге тәуелді. Жасөспірім балалар «бір рет қолданып көрсем ештеңе бола қоймас» деген оймен бастап қолданып көреді де, кейін қалай тәуелді болып қалғанын сезбей қалады. Қызығушылықтан дәмін татып көрген адам айықпас дертке шалдығып, өмірге деген құлшынысын, арманын таптап өтеді.
Есірткі миды, өкпені улайды. Ол адамның денсаулығына тек кері әсерін тигізеді. Соның кесірінен адам денсаулығы нашарлап, тез қартайып, күші азаяды. Зиянды әрекеттер: есірткі, шылым шегу, спирттік өнімдерге деген тәуелділік. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Ежелгі заманда қытай мемлекетінде есірткі жөтел, ішек, ұмытшақтық секілді ауруларға ем болған екен. Ең алғаш есірткіге перғауын қызы тәуелді болған деседі. Кейіннен басқа да адамдар тәуелді болған. Қазіргі үлкен мәселелердің бірі – есіркімен күресу. Бойын есірткіден аулақ ұстау, салауатты өмір салтын ұстану – адамзат ұрпағының келешекке жетелейтін ұстанымы.
Гүлбақыт Қалтай,
№7 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі А.Оспанова. Қызылорда қаласы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!