Студенттер сарайында “Мен сені сүйем, өмір” атты қайырымдылық концерті өтті. Іс-шараның ұйымдастырылуына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ұйытқы болды.
Қайырымдылық шарасына оқу орнының талантты жастары қолдау көрсетті. Өнерпаздар сахнада жоғары деңгейде өнер көрсетіп,кеш қонақтарына тамаша көңіл-күй сыйлады.
Концерттен түсккен қаржы әнші Азамат Құрманбекұлының еміне, сонымен қатар анасының көз жанарын емдеуге жұмсалады.
Азамат Құрманбекұлы концертті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университет ұжымына және рухани-материалдық қолдау көрсеткен барша қайырымды жандарға алғысын білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!