Оқушы ретінде мені осы кезден бастап өз болашағым қатты толғандырады. Ал болашақты баянды ету үшін дұрыс жол таңдау қажет. Әрине, қазіргі қоғам үшін саналы, білімді ұрпақ маңызды. Десек те, дана халқымыз «дені саудың, жаны сау»  деп бекер айтпағынындай, сол білімді игеретін мықты денсаулық қалыптастыру керек.

Қазіргі таңда әлемде де, елімізде де есірткінің зардабы туралы жиі айтылады. Біздің танымымызда жоқ бұл зиян нәрсеге әуестену әлбетте шетелге еліктеушіліктен келді. Біз сырттан тек жақсы қасиеттер мен игі істерді ғана үйреніп, зиянынан жиренуіміз керек. Мен өз замандастарым мен жолдастарымды бұл жолдан аулақ болуға және күресуге шақырамын. Есірткі ешқашан еркіндік әкелмейді, керісінше адамның денсаулығын да, өмірін де құртады. Құлдық санаға апарады.

Мен есірткісіз, жарқын болашақты қалаймын.  Салаутты өмір салтын ұстанып, білім алып, армандарымды жүзеге асыру ата-анамның алдындағы парызым. Зиянды заттардан алатын уақытша әсер ешқашан шынайы бақыттың орнын баса алмайды.

Қоғамға зиян әкелмегеннің өзі пайда! Есірткісіз өмір – оң таңдау, кемел келешекке апарар жол. Мен осы жолды таңдаймын!

Арсен Жадигеров,
№293 орта мектебінің
10-сынып оқушысы,
Жаңақорған ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!