Бірнеше жыл бұрын Ақмола облысы тұрғыны Виктория ер жеткен балалары жақсы білім алсын деп, үйін сатып, Алматы қаласына көшіп келеді. Үй сатқаннан түскен ақшаны депозитке салып, қолайлы тұрғын үй іздейді. Алайда көп ұзамай ол өзін банк мамандары ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Stan.kz тілшісі өздерін банк маманы деп таныстыратын алаяқтармен бетпе-бет келген қазақстандықтармен тілдескен еді. Осы ретте ЦентрКредит Банкпен бірге жеке қаржылық қызметті қауіпсіз қолданудың бірнеше кеңестерін ұсынады.
Кейіпкерлеріміздің оқиғаларынан кейін біз алаяқтарға белсенді түрде қарсы тұрып келе жатқан ЦентрКредит Банкке хабарласып, олардың арбауына түспеудің жолдарын сұрадық.
Егер сізге телефонмен хабарласып тұрса, банк қызметкері пин-код, пароль, логин, СМС-код сұрамайды. Себебі ол білуге тиіс ақпараттың барлығы базада, оның алдындағы компьютерде бар. Банк қызметкері сіздің шот иесі екеніңізді білу үшін тек құпия сөзді ғана сұрайды. Оған сіздің ЖСН нөмірі тіпті керек емес. Ал алаяқтарға сіз туралы барлық ақпарат керек. Сондықтан ол жоғарыда көрсетілген барлық ақпаратты сұрайды.
Кеңес: Егер хабарласқан банк қызметкерінен күмәнданып тұрсаңыз, құпия сөзді қате айтыңыз.
Сіздің жеке ақпараттарыңыз басқа бір адамның қолына түссе не істеу керек?
Кеңес: Сабырлық сақтап, банктің ресми нөміріне хабарласып, болған жағдай туралы ақпарат беру керек.
Ақша шығаруға болатын барлық жолдарды жабу керек:
1) Картаны бұғаттау;
2) Интернет арқылы төлемді жабу;
3) Банк қосымшасынан құпия сөзді өзгерту;
4) Басқа банктерге де хабарласып, өз ақпаратыңыз жария болғанын айту;
5) Құқық қорғау органдарына арыз түсіру.
Алаяқтың арбауына түспес үшін не істеу керек?
– Жеке ақпараттыңызбен бөліспеу;
– Телеграмм, Whatsapp сынды мессенджерлерден келген күмәнді, әдетте сіздің қызығушылыңызды оятуға тырысатын сілтемелерді ашпау;
– Тек ресми банк қосымшасын қолдану.
Әдетте банк өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ескертулер жариялап отырады. Сол ақпараттармен танысып алғаныңызда жөн.
Осыған дейін біз ЦентрКредит Банкпен бірге арнайы жоба аясында елімізде ең көп таралған алаяқтық түрлерін таныстырып, олармен күресу жолдарын ұсынғанбыз. Интернет-банкингті қорғау жолдарын түсіндіргенбіз.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!