«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы – Әбсадықовтар отбасы да белсенділік танытып, дауыс беруге қатысты.
Өнегелі әулет ретінде танылған бұл отбасы ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумда өз таңдауларын жасады. Мұндай үлгілі отбасылардың қоғамдық маңызды шараларға қатысуы – жастарға үлгі, қоғам үшін үлкен мәнге ие.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!