Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов әскердегі әлімжеттік мәселесіне тоқталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сұлтан Қамалетдинов әскердегі әлімжеттік мәселесін мәжілістің баспасөз орталығында айтты. Сөзінше сарбаздардың әрқайсысында мінез бар. Ал әскер бір жылда оны түзей алмайтын көрінеді.
“Әскер деген ер адамның ұжымы. Әрбірінің мінезі бар. Әрине, арасында ондай жағдайлар болады. Бірақ біз алдын алу бойынша барынша шара қабылдаймыз. Жеке құраммен тәрбие жұмысы жүргізіледі. Десе де 18 жыл бойы олар отбасында тәрбиеленді. Кешіріңіз, бір жылдың ішінде біз оларды түзей алмаймыз. Біздің – міндетіміз оларға әскери мамандықтың негізі мен Отанды қорғауды үйрету. Ал баланы тәрбиелеумен балабақша, мектеп және отбасы айналысады”, – деді вице-министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!