Фото: informburo
Бүгін, 28 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сотында марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Іс-шарада Қуандық Бишімбаев ісі бойынша үкім шығарған судья Айжан Көлбаева марапатқа ие болды.
«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Көлбаеваға ведомстволық награда табысталды. Ол сот жүйесіндегі көп жылғы жемісті және мінсіз қызметі, сондай-ақ оның дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды»,—делінген хабарламада.
Еске салайық, Республика күні қарсаңында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі прокурорлар – Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбековке «Ерен еңбегі үшін» медалі берілген болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!