Алматыдағы ереуіл кезінде қайтыс болған ер адамға қатысты қалалық  Полиция департаменті түсініктеме берді.

«2022 жылғы 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесіндегі жолды жауып тастағанын хабарлайды.
Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі – 1980 жылы туған М. есімді азамат, жанжал кезінде олар қозғалысын бөгеп қойған көліктердің бірінің жүргізушісі 1974 жылы туған К. есімді азаматқа дене жарақатын салған. Нәтижесінде, жәбірленуші қайтыс болды.
М. есімді азаматтың әрекеті ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен сараланады.
Ол ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сонымен қатар рұқсат етілмеген акцияны ұйымдастырушылардың тағы төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаймыз.
Рұқсат етілмеген акцияны Короленко көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары 2019 жылдан бері жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты көліктер көбейіп кетті деген сылтаумен ауласын жол жиегінен қоршауды талап еткен тұрғындар ұйымдастырғаны анықталды.
Бұған дейін бұл үй тұрғындарының өтініші бойынша көше шетінен төрт жердегі жылдамдықты шектейтін «лежачий полицейский» салынып, Гагарин және Радостовца көшелерінен екі шлагбаум орнатылған болатын. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», –  деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!