Барлық бастауыш сынып оқушылары қашықтан білім алуға көшірілді.
Кентауда желмен ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті, ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қатты желден Кентау қаласындағы мектеп пен колледждің және тұрғын үйлердің шатыры ұшып, халықты әбігерге салуда.
Кешегі күні қала орталығында орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы №1 мектептің де шатыры құлап, аулада кетіп бара жатқан ұстаздың басына түскен болатын.
Тұрғынның миы шайқалып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.
«Қазір науқастың жағдайы орташа. Басындағы самай бөлігіндегі жарақат тігілді. Травматология бөлімінде ем алып жатыр», – деді Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев.
Түркістан облысында бірнеше күннен бері қатты жел соғып, үйлер мен өзге де нысандардың шатыры бүлінді, мыңдаған абонент жарықсыз қалып, сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды.
Кентау қаласында мектеп пен колледж шатыры ұшып кетті, барлық бастауыш сынып оқушылары қашықтан білім алуға көшірілді.
Фото: Видеодан алынған кадр
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!