Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің ауқымды операциясының нәтижесінде, полиция бөлімінің арнайы жасақтарымен Щучинск қаласында Бурабай ауданында бопсалаумен айналысқан бір топ жігіттің қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.
Ұзақ тексеріс барысында күдіктілер жергілікті тұрғындардан, оның ішінде жастарды мобильді банкинг арқылы қолма-қол ақша және тауарлық несие алуға мәжбүрлеген. Бас тартқан жағдайда физикалық күш көрсетумен қорқытқаны анықталды.
Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту жүргізіп, сотталушылардың ұялы телефондарын тәркіледі. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-2 бөлімі «Бопсалау» бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Полицияға 8 айыпталушы жеткізілді. Оның төртеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!