Азия ойындарың шешуші күнінде каратэші Мөлдір Жаңбырбайдың күміс жүлде иеленгені жайлы ақжолтай жаңалық жетті.

Мөлдір алғашқы кездесуін гонконгтық қарсыласы Азия чемпоны Йе Тинг Цангпен өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетсе, екі дүркін Әлем чемпионы жапондық Михо Михараны 6:5 есебімен, Әлем чемпионатының қола жүлдегері ирандық Сара Бахманиярды 5:4 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Алтын медаль үшін айқаста 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы тайпейлік Шиау Шуанг Гумен 5:5 есебімен тең түсті. Дегенмен соңғы нәтижелі әдісті қарсыласы жасауы себепті екінші орын алды.

Каратэден ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, Сыр елінің мақтанышы Мөлдір Жаңбырбай – каратэден жастар арасында Әлем чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы.

Айта кетейік, сырбойылық спортшылар Азия ойындарында 2 күміс, 4 қола жүлде алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!