Фото: Қайрат Қоныспаев

Оларға А1 санатындағы лицензия алу үшін 6 ай уақыт беріледі. Парламент қабылдаған «жол қозғалысы туралы» заң жобасына сәйкес мопедтер толыққанды көлік құралына айналады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Қозғалтқышының көлемі 50 текше сантиметрден аз мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар мемлекеттік тіркеуге және мемлекеттік нөмір алуға міндеттеледі.  Мопедтерді басқару үшін төмендегі талаптар міндеттеледі:  көлік құралын уәкілетті органда міндетті тіркеуден өткізуге;  А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алу (бұл жағдайда А1 санаты автоматты түрде А, В және С санаттары жүргізушілеріне қосымша оқуды қажет етпей беріледі);  жыл сайынғы техникалық байқаудан өту; көлік жүргізушілерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды алу.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!