Фото: Видеодан алынды

Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқандардың туыстары болған оқиғаға сенбей отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлын жоғалтқан ана Әсел Сыдықова ресми биліктен бұл ақпаратты жоққа шығарар деп үміттенеді. Оның 22 жастағы ұлы Сунат қаза болғандар тізімінде. Соңғы бір айдан бері ол «Алматы» хостелден орын жалдап тұрады. Кеше өрт шыққан күні жас жігіт жұмыс істейтін компания басшылығы оның жұмысқа келмегенін анасына хабарлаған.

«Олар маған қаза болғандардың тізімін жіберді, сонда менің баламның аты бар. Кеше онымен сөйлескенімізде бәрі жақсы еді. Оны іздеп табу үшін осында келдім. Мүмкін бұл қателік шығар?», – деді марқұмның анасы Әсел Сыдықова. 

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, жатақханада 72 адам тұрған. Бұл жердің ауданы небәрі 457 шаршы метр. Хостел ішінің тар болуы өртті сөндіруде қиындық туғызды деді құтқарушылар. 

Өрттің иісін сезген 59 адам сыртқа жүгіріп шыққан. Бірақ он үш адам шыға алмады. Алдын ала болжам бойынша, олардың барлығы көмірқышқыл газынан уланған. Қаза тапқандар арасында Ресей мен Өзбекстан азаматтары да бар. Өрт жертөле дәлізінде болған.

«Жұмысты тар дәліз, тыныс алуға қолайсыз жағдай және түтін қиындата түсті. Осының барлығы өрт сөндіруді, барлауды және адамдарды құтқаруды қиындатады. Жертөледе көптеген матрастар сақталған, бұл өрт қаупін артырды. Расында да, жертөледе болғандардың құтылу мүмкіндігі өте аз болған. Бұл хостел бір жарым ай бұрын ешқандай рұқсатсыз жасалған. Осыған қарамастан, жалға беруші Halyk Bank бұл үй-жайды жалға берушінің қажеттіліктеріне берді. Жалға алушы бұл нысанды хостел ретінде пайдаланған. Әкім де, Төтенше жағдайлар департаменті де бұл үй-жайдың бар екені туралы ақпаратты білмеген», – деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов. 

Тағы бес адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев зардап шеккендер мен қаза болғандардың туыстарына барлық қажетті көмек көрсетілетініне уәде берді. Қаза тапқандардың отбасына бір миллион теңге төлеуге міндеттелді», – деді Алматы әкімі Досаев.

Оқиғаның мән-жайын толық тексеру үшін құрамына түрлі ведомстволардың өкілдері кірген үкіметтік комиссия құрылды. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін адам өліміне әкелген төтенше жағдайды жасаған адам он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!