Sputnik. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, педагогтардың қызметін жеңілдету мақсатында заңға өзгертулер әзірленгенін хабарлады.
«Бұл мерекеде жылы лебіз ғана емес, ұстаздарды қорғайтын жаңа заңды да дайындадық. Мұғалім мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек. Оның басты жұмысы – баланы оқыту», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы оқу-ағарту министрі.
Ол депутаттар «Педагог мәртебесі туралы» заңға түзетулер әзірленіп, үкіметке жолданғанын жеткізді.
Түзетулер мұғалімдер үшін мына өзгерістерді қарастырады:
Есеппен күрес
Қайталанатын есепке тоқтау салынады. Қағаз ба, цифрлық түрде ма – біреуін ғана толтырады. Күнделік немесе НОБД немесе Bilimland-тің біреуіне ғана енгізілген деректі бірнеше жүйеде қайталау талап етілмеуі керек.
Әлеуметтік желі – тек өз қалауымен
Мұғалімді пост жазуға немесе блог жүргізуге мәжбүрлеуге болмайды. Бұл – тек еркімен орындалады. Чаттар мен хабарламалар – тек ресми LMS жүйелері мен электронды поштада болады.
Жауапкершіліктің айқын шегі
Мектептен тыс жағдайға мұғалім хабарламаға немесе қоңырауға жауап бермеуіне болады. Бұған қоса, «Мұғалімге тән емес функциялар» деген түсінікті заңда алғаш рет енгізіп отыр. Сонда нақты қорғану оңайырақ болады. Ол – заңдар мен еңбек туралы келісімшартта көрсетілмеген жұмыстың бәрі.
Мектеп – ата-ана келісімі
Мектеп пен ата-ана арасындағы келісімнің мәртебесі күшейеді. Енді ата-аналар мен мектеп осы келісімшартты қатаң ұстануға міндетті болады.
Шынайы қорғаныс
Педагог мәртебесін бұзу үшін айыппұлдар күрт өседі. Бұған қоса, заңға мұғалімге психологиялық пен физикалық зорлық-зомбылыққа – мүлдем жол берілмейді деген норма енгізіліп отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!