Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Өзін тәлімгер деп таныстыратын бұрынғы айтыскер Мұхамеджан Тазабек Париж Олимпиадасының алтын медалін мойнына тағып, фотосуретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жалғыз алтынды жақыннан көрдік» деп жазған ол мекен-жайына Астана қаласын белгілеген. Еске салсақ, Қазақстанға Олимпиада ойынадарынан жалғыз медальді дзюдошы Елдос Сметов әкелген болатын.
Мұхамеджан Тазабек Елдос Сметов чемпион атанған кезде спортшыны желідегі парақшасында қайта-қайта құттықтаған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!