7 наурызда Экс ан Прованс қаласының апелляция соты Мұхтар Әблязов соттың келу талабын орындамағанын растаған шешім шығарды.
Франциядағы Экс ан Прованс қаласының апелляция соты 7 наурыз күні Мұхтар Әблзяовқа айыппұл салу жөнінде шешім шығарған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БТА банктің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Франция соты Мұхтар Әблязовтың сот отырысына келмеуін саяси қуғынға ұшырауымен байланыстырған уәжін қабылдаудан бас тартқан.
«Ол 2021 жылдың 15 және 16 маусымында Экс ан Прованс қаласындағы сотқа келіп, жауап беруі керек болған. Соңғы сәтте Әблязов өз адвокаты арқылы саяси қуғыннан сақтанғандықтан франциялық соттың нұсқауымен жүргісі келмейтінін мәлімдеген. Кейін БТА Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл салу жөнінде ұсыным хат жолдаған. Апелляция соты оның 2018 жылы да осыған ұқсас шақыруға келмегенін анықтады. Сондай-ақ, Әблязов әуелі Англияда босқын мәртебесінен айырылды. Кейін Францияда да осындай мәртебеден айырылды. Сондықтан ол сотқа келмеуіне босқын мәртебесін сылтау ретінде қолдана алмайтын», – деп жазылған БТА банк мәліметінде.
Банк мәліметінше, бұған дейін тергеу судьясы Әблязовқа сот бақылауы шарасын тағайындап, талап бойынша сотқа келуге міндеттеген.
Мұхтар Әблязов сол талапты бұзып, Экс ан Прованс қаласы сотының шақыруын орындамаған.
7 наурызда Экс ан Прованс қаласының апелляция соты Мұхтар Әблязов соттың келу талабын орындамағанын растаған шешім шығарды.
Осыған байланысты оған айыппұл салынды.
«БТА Банкі француз сотының әділ шешімін құптайды. Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары бірнеше рет сот процесіне қатысудан бас тартып, көптеген сот шешімдерін, соның ішінде АҚШ-та да бұзды. Ол үшін жауапқа тартылып, айыппұл арқалады», – делінген ресми мәліметте.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!