родюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ұлы Қайрат Нұртас үшін сөзге келіп қалды, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Продюсер әлеуметтік желіге Қайраттың Қырғызстанда ән кешінен суреттер жүктеп, «Қырғыз еліне алғысымыз шексіз», деп жазды. 

Оқырмандардың бірі «Қайрат жанды дауыста бір ән айтса, мұрнымды кесіп берейін» , деп әншінің жанды дауыста ән айтатынына күмәнданды. 

«Онда бір тойда, не концертте жолығайық. Мен саған дәлелдеп берейін. Бірақ, сен мұрныңды түбінен кесіп тастасам да ренжімейтіндей бол. Еркексің ба, осыған келіс. Не болмаса, юбка киіп ал. Өтірік парақшамен жаныңның жарасын, іш күйінішіңді шығарып, өз-өзіңді жұбатпай-ақ қой», деп өз жауабын жазды ол.

«Мұрныңды түбінен кесіп тастасам, ренжіме»: Гүлзира Айдарбекова оқырманына ауыр сөздер айтты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!