Өңірімізде есірткігі қарсы күрес шаралары тыңқылықты атқарылуда. Оған дәлел жуырда Қызылорда наркодиспансерінде есірткіге қарсы шығармалар байқауы өтті.

 Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан наркология орталығының емделушілері арасында “Мен саған өз өмірім жайлы айтып беремін” тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды. Сайысқа 25 емделуші қатысты. Қатысушылар өзінің өмірбаяны туралы және жасаған олқылықтары жайлы жазған. Басым көпшілігі отбасын құрып бала тәрбиелеген, ал содан соң туындаған қиыншылықтар, болмаса өздерінің немқұрайлылығына байланысты ішімдікке, нашақорлыққа салынған. Көбі жоғары, арнайы орта оқу орындарын бітіріп, түрлі лауазымдарда қызмет атқарғанын жазған. Және де ем алушылардың барлығы дертпен күресуде барлық күшін салатынын мәлімдеген.

Шара соңында байқауға қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Айгүл ӘЛІШЕРОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!