Жайлы мекен Қазақстан тұрағымыз,
Есірткісіз таза қоғам ұранымыз.
Болашақтың иесі бүгінгі жас,
Жағамыз туған елдің шырағын біз.
Нашақорлық – қоғам дерті,
Жастарымды улаған.
Жастық шақты бағалайық,
Оралмайды ол қайтадан.
Есірткіге құмар болма,
Бағалай біл бағыңды!
Шырмауына бір ілінсең,
Жаралайды жаныңды.
Наша шегіп, ине егіп,
Бағы ешкімнің жанбаған.
Түзу жолдан адасып жүр,
Бұл қоғамда қанша жан.
Өміріңе балта шабар,
Жанбай жатып сөнерсің.
Ақ сүт берген анаңызға
Қайғы тауып берерсің.
Бар қылмысқа жол ашатын
Нашақорлық – бұл тажал.
Жаңылмаңдар, жас өрендер,
Терең болсын, ой санаң.
Пайдалы іспен шұғылданып,
Жайнай берсін өмірің,
Ата-анаңның батасын ал,
Тауып әркез көңілін.
Еркеназ ЕРБОЛОВА,
№107 орта мектебінің
7-сынып оқушысы,
Қармақшы ауданы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!