2025 жылғы 28 наурызда облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналиновтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың орындалу барысы қаралып, облыстық полиция департаменті, денсаулық сақтау және қоғамдық даму басқармаларының баяндамалары тыңдалды. Есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту, нашақорлықтың алдын алу және оңалту жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті құзырлы органдар мен жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар берілді. Оның ішінде профилактикалық іс-шараларды күшейту, нашақорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, оңалту бөлімшелерінің жұмысын жетілдіру және инфрақұрылым мәселелерін шешу бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдіктеріне кешенді жоспар аясында белгіленген көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.

Осы тапсырмалардың орындалуы облыс әкімінің аппаратының бақылауында болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!