1997 жылы БҰҰ – ның кезекті ассамблеясында 26 маусым – «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілген болатын. Содан бері айтулы дата әлемнің барлық дерлік елінде аталып өтіледі. Ғасыр індетімен қазір төтркүл дүние жұмыла күресуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастар арасында нашақорлық мәселесінің алдын алу шаралары бойынша акция бастаған болатын.

Акция барысында есірткі құралдарын жарнамалауды жүзеге асыратын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша жұмыстар жүргізді. Рейдтік іс-шараға “Жастар рухы” ЖҚ облыстық филиалының белсендідеріде ат салысты.

Аталмыш акция аудандарда да өз жалғасын тапты.
“Жастар рухы” ЖҚ Қармақшы аудандық бөлімшесі «Жастар есірткіге қарсы» шарасын өткізді.

Шара ауданның орталық алаңында ұйымдастырылып, онда нашақорлықтың салдары туралы түрлі роликтермен қысқа метражды фильдер көрсетілді. Сондай – ақ, бұл күні жылжымалы сенім пункті жұмыс істеп, қала тұрғындарына нашақорлықтың салдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жадынама таратты.

Аталған акцияға, Қармақшы аудандық емхана психологі, Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының психологі Ә.Кетебаева, Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің маманы Д.Құлмырзаева, қоғам белсендісі Ә.Мерекова, Б.Туребаева және жас валонтерлер қатысып, өз үлестерін қосты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!