Жазғы демалыс кезінде, сондай-ақ «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған айлық шеңберінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлеміндегі балалар сауықтыру лагерінің оқытушылар құрамымен бірлесіп акциялар ұйымдастырды, акция барысында балалар флешмоб көрсетті, суреттер көрмесін әзірледі, спорттық шара мен үгіт-насихат қойылымын дайындады.
Жазғы кезеңде мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Полиция қызметкерлерінің басты мақсаты-өскелең ұрпақ арасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру. Полиция қызметкерлері балалармен «спайс» шылым қоспалары, синтетикалық есірткілер, есірткінің түрлері, есірткі сатушылардың есірткіні қолдануға баулу әдістері туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері лагерьлердегі балаларды сыйлықтармен қуантты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!