Kyzylorda-news.kz. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылорда облысының барлық мектептерінде ағаш отырғызу челленджі бастау алды.
«Бұл – менің ағашым» атауында өткен челленджді оқушылар ұстаздарымен бірге ерекше белсенділік танытты.
«Таза табиғат» акциясы аясында өткен шарада қала, аудан мектептеріндегі оқушылар 8000 түп ағаш екті. Яғни әр мектеп Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап 30 талдан отырғызды.
Оқушылардың бір уақытта тал отырғызу челленджі жастардың табиғатты қорғауда ықыласын оятып, экологиялық мәдениетті қалыптастырады.
Айта кетейік, тал отырғызу рәсімі оқушылардың көктемгі каникул кезеңінде де жүргізіледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!