SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Алагөзова көпәйелдікті қолдаған мәжіліс депутаты Абзал Құспанның ұсынысына өз позициясын жария етті. Ол неке мәселесінде теңдік сақталуы тиіс екенін айтып, көпкүйеулікті де заңдастыруды ұсынды.
Алагөзованың айтуынша, зайырлы елде әйелдер мен ерлердің құқығы бірдей болуы міндет:
«Ер адамға екінші жар алуға жол ашылса, әйелге неге тыйым? Равноправие деген қайда?» – деп жазды продюсер әлеуметтік желіде.
Бұған дейін депутат Абзал Құспан елде көпәйелдікті заңдастыру керек деген ой білдірген. Оның пікірінше, тыйымға қарамастан көптеген ер азаматтар бірнеше әйелмен бірге тұрып келеді. Ол осы шындықты заң аясында реттеуді ұсынған еді.
Алайда бұл пікірге қарсы шыққандар көп. Сенатор Жанна Асанова Конституцияда неке зайырлы қағидаттарға сәйкес айқын жазылғанын атап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
