«Заң мен Тәртіп»тұжырымдамасын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзімділік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға мәжбүрлеуүшін қылмыстық жауаптылық көзделген жаңа 125-1-бабы енгізілді.

Аталған Заңға Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойды.

Осы Заңқылмыстық заңнаманы оңтайландыру шеңберінде қабылданды.

«Неке және отбасы туралы»Кодекстің 25-бабының 1-тармағы 2)тармақшасына сәйкес, мәжбүрлеу арқылы қиылған неке жарамсыз деп танылады.Неке – бұл ерікті одақ, ол тек екі жақтың өзара келісімімен ғана жасалуы тиіс.

Мәжбүрлеу, әсіресе қысым, қорқыту, психологиялық немесе физикалық зорлық көрсету – бұл адамның негізгі құқықтарын бұзу болып табылады.

Көптеген елдерде мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қарастырылады, себебі мәжбүрлі некеге оқшаулау, еркіндікті шектеу, зорлық-зомбылық және кейбір жағдайларда құрбандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерімен қатар жүруі мүмкін.

Бірқатар елдерде мұндай неке адам саудасының бір түрі ретінде танылады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, ал егер ауыр зардаптар болса – 10 жылға дейін.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 125-бабына өзгерістер енгізіліп, жәбірленушіні ерікті түрде босату жағдайында істі тоқтатуға жол берілмейді.

Енді мәжбүрлі некеге тұру мақсатында әйелді ұрлау Қылмыстық кодекстің 125 және 125-1-баптарының жиынтығы бойынша сараланады.

Бұл қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, жазаның бұлтартпауын қамтамасыз етуге және қоғамда жеке бостандыққа қол сұғушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде,Қызылорда облысының прокуратурасы заңдылықтың сақталуын және азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Н. Дүйсенбаев,
Қызылорда облысы прокурорының орынбасары

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!