#НеМолчиKZ қорының басшысы Дина Смаилова Қылмыстық кодекстің 147 (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) және 274-бабтары (Жалған ақпарат тарату) бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы ол өз Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Құқық қорғаушы қылмыстық істер полиция жұмысын сынға алғаны үшін қозғалды деп санайды. 

«2022 жылдың 27 мамырында баған Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 5-бөлігі және 274-бабы, 2-бөлігі бойынша «Күдікті» деген мәртебе берілді. Барлық істі Қызылорда емес, Алматы облысының полиция департаменті қозғаған. Себебі мен Алматы полиция департаментінің жұмысын сынаймын, себебі басшылықтың отсавкаға кетуін талап етемін, себебі мен өз ғимараттарында халықты азаптайтын полицияны мойындамаймын», – деп жазды Самилова.

24 мамырда Дина Смаилова қордың сенім телефонының уақытша жұмыс істемейтінін, бұған «Қазақстан құқық қорғау органдарының қудалауы» себеп болғанын мәлімдеген. 

17 мамырда #НеМолчиKZ қорының басшысы «Медиазона» басылымына Қызылордада зорланған екінші сынып оқушысы туралы жазбасынан кейін қылмыстық істе қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесін бергенін айтқан. 

«Меніңше, бұл қорқыту үшін жасалған. Құқық қорғаушылар іс қозғалғаны туралы ешқандай қағаз көрсеткен жоқ. Бірақ мен күйгелектеніп, үнсіз қалуым үшін тергеу шақырып жатыр», – деген еді ол. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!