Қазіргі таңда барлық адамда несие бар. Алаяқтыққа тап болып жатырғандар саны қаншама. Осы мәселенің алдын алу мақсатында несие алуға ерікті түрде тыйым салуға мүмкіндік қарастырылған. Яки сіз өзіңіз eGov mobile мобильді қосымшасындағы және eGov.kz электронды үкімет порталының жаңа сервисін қолдану арқылы несие алуға шектеу қоя аласыз.
Несие сөзі – термин ретінде мінбелерде, жиналыстарда айтылса, қазіргі таңда күнделікті пайдаланатын ауызекі сөзге айналғанына біршама уақыт болды. Несиені сіздің қатысуыңызды қажет етпей-ақ, сыртыңыздан рәсімдеу жағдайлары көптеп кездесуде. Алаяқтықтың шыңына шыққан тұлғалар азаматтарды сан соқтырғаны белгілі. Осы мәселені «EgovMobile» ұялы телефон қосымшасының «Банктік қарыз, микрокредит алудан ерікті түрде бас тартуға өтінім беру» батырмасын басып өту арқылы реттеуге болатынын хабарлаймыз. Бұл дегеніміз, қазіргі ақпараттық қауіптің дамып, электронды ақпараттарға шабуыл жасау өршіп тұрған мезгілде өте қажетті ұйымдастырылған шара деп қабылдаған жөн болар.
Сервистке өтінішті азаматтың өзі ғана толтыра алады. Несиелер мен шағын несиелерді алуға тыйым салу 6 айға белгіленеді және бұл мерзім аяқталғаннан кейін автоматты түрде тыйым алынып тасталады. Сондай-ақ бұл шектейлерді кез келген уақытта ерікті бас тарту қызметін көрсетуді мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш беру арқылы алуға болады.
Асылхан Әбілханұлы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!