Бүгін Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн әсіресе «Өркен» білім грантының иегері, алғаш рет жаңа ортаға қадам басқан 7-сынып оқушылары үшін ерекше есте қалары сөзсіз.

Биыл NIS қауымдастығына 133 жас зияткер қосылды. Барлығы 788 сырбойлық зияткер жаңа оқу жылын бастап отыр.

Салтанатты шарада мектеп туралы әсем әндер шырқалып, жаңа жобалар таныстырылды. Абаймен өткен «диалог» оқушыларға білім мен еңбектің табысқа жеткізерін, өзара құрмет пен түсіністіктің қоғамды берік ететінін ұқтырды.

Жиында мектептің жаңа басшысы Акбар Тусупбаев ұжымның жеткен жетістіктеріне тоқталып, биылғы оқу жылын «Құндылықтар жылы» деп жариялады.

– 2025–2026 оқу жылынан бастап әр оқу жылын ортақ философиялық тұжырымдамаға арнап өткізуді бастадық. Бұл тұжырымдама – оқу, тәрбие, жобалар, волонтерлік бастамалар мен мектепішілік өмірдің негізгі бағыт-бағдарын айқындайды. Білім мен тәрбиені ұштастыруға септігін тигізеді, – деді директор.

Салтанатты шарада дәстүрлі алғашқы қоңырау соғылды. Қоңырау үнімен оқушылардың құндылықтарға негізделген алғашқы сабақтары бастау алды.

NIS – құндылықтар мекені
NIS – құндылықтар мекені
NIS – құндылықтар мекені
NIS – құндылықтар мекені

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!