Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел өтіп бара жатқан адамдардың көзінше өзін өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат желіде жарияланды. Оқиға Нұр-Cұлтан қаласында орын алғаны туралы жазылған. Қаржы пирамидасына үлкен көлемде ақша салған келіншек көшенің ортасында өзін өртеп жіберген. 

Қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылған, оны танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаев жарнамалаған. Үшеуі де Mudarabah Capital компаниясының негізін қалаушы болып шыққан. Саидбаевқа кейінірек іздеу жарияланды.

Алматы полиция департаменті бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылып, оның екеуіне «Ұстау» санкциясымен халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.

«Сонымен қатар алты күдікті қамауға алынды, үшеуіне тергеу соты кепілмен санкция берді, тағы екеуі үйқамақта, біреуіне Қазақстан аумағынан шығуға тыйым салынған», – деп хабарлады Алматы полициясы.

Қазіргі уақытта қылмыстық процестің орбитасына 14 адам қатыстырылып, олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 217-бабы “Қаржы пирамидасын құру және басқару” бойынша сарапталған.

Жақын арада қылмыстық іс материалдарын сотқа беру жоспарлануда. Бұл ретте материалдық шығынды өтеу мәселесін сот қарайтын болады, деп баса айтты полицейлер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!