Елордалық ПД өкілдері қаланың айналасына не үшін блокбекеттер қойылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция мәліметінше, ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген азаматты ұстау үшін блокбекеттер қойылған. 

“16 қыркүйекте елорда аумағында аса ауыр қылмыс жасалды. Осыған байланысты күдіктіні ұстау үшін Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қаладан шыға берістерге блокбекеттер қойылып, «ұстап алу» жоспары жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», –делінген ПД хабарламасында. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!