Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті. Мерекеде өңір басшысы ардагер Любовь Колесникке ілтипат танытты.
Кәмелет жасына толысымен соғысқа аттанып, ерліктің үлгісін көрсеткен ол Беларусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен.
Аймақ басшысы ардагерге зор денсаулық тілеп, бұл құрмет бір күнмен шектелмейтінін, ауыр күнде ерге бергісіз қызмет еткен майдангердің еңбегі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.
- Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы мейілінше тереңдеп, даралана түсуде. Халқымыздың даңқты ұлдары мен қыздарының қан майдан мен тылдағы өшпес ерлігі мен ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!, – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
- Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!