Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған 9 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, көкейтесті мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыспен қамту мәселесіне қатысты сауалдар көтерді.
Облыс әкімі сала басшыларына әлеуметтік мәселелерді мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қарап, ұтымды жақтарын ұсыну қажет екенін жеткізді. Ал, тұрғын үй беру заң аясында кезек тәртібімен берілетінін баса айтып, уақытша баспанамен қамту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Айта кетейік, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына e-gov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!