Аймақ тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамту үлесі 98,4 пайызды құрайды. Облыс аумағында 4 қала және 230 ауылдық елді мекен бар. Барлық қалалар 100 пайыз ауыз сумен қамтылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында айтылды. Жыл басынан атқарылған жұмыстарын баяндаған облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин 26 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жол картасы әзірленгенін айтты.
– Жол картасы аясында 5 елді мекенді топтық су құбырына қосылып, 4 елді мекенге су тұщытқышын орнатылады. 3 елді мекенде ішкі су жүйесінің құрылысы жоспарланған. Биылға жоспарланған жобалар бойынша барлығы 88 шақырым ауыз су және 23 шақырым су бұру желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы 28 жобаны іске асыру жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!