ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ!

2023 жылдың 23-24 қараша аралығында Қызылорда облысында «ҚЫС-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуға басшылық ететін облыстық штаб мына мекен-жайға орналастырылады: Қызылорда қаласы Ә.Бөкейхан көшесі №69 мекенжайда Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде орналасады.
Байланыс телефоны: 8 (7242) 700325, 551099.
Оқу-жаттығу аясында 2023 жылғы 23 қарашада сағат 12-ден 55 минут өткенде «Барлығына, назар аударыңыз!» электрсиреналары қосылатын болады. Осыған сәйкес сабырлылық сақтауларыңызды сұраймыз.

Қызылорда облысының ТЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!