Достық үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген кезекті алқа отырысы өтті.
Мәжіліске облыс әкімі аппаратының басшысы Ш. Байманов, Шиелі, Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, облыстық ардагерлер кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссиялардың төрағалары, ардагерлер қозғалысының белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосуда Ш. Байманов мемлекеттік орган өкілдері тарапынан ардагерлерге тұрақты түрде қолдау көрсетілетінін айта келіп, алқа жиынының жұмысына сәттілік тіледі.
Мәжіліс модераторы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Дүйсенбаев ардагерлер ұйымдарының жұмысын үйлестіру, жүйелік құрылымдарын жетілдіру мен олардың белсенділігін арттыру талаптары бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында, облыстың ардагерлер ұйымдарындағы кадрлық өзгерістермен таныстырып өтті. Атап айтқанда алқа мүшесі Уәйіс Ержан дүниежүзі қазақтары құрылтайының Түркиядағы өкілі болып қызмет ауыстырып, қоныс аударуына байланысты, алқа мүшелігінен босатылып, ол орынға аймағымызға белгілі азамат Бақыт Нұртазаевтың кандидатурасын пленумға бекітуге ұсынылды.
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасының өмірден өтуіне байланысты, Байқоңыр қаласының ардагерлері кеңесітің орынбасары болған Амангелді Ирюковтың кандидатурасын Байқоңырлық ардагерлермен ұсынылғанын және Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының денсаулық жағдайымен қызметінен босатылуына орай, аудандық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумында аудандық кеңестің орынбасары болған Асқар Мерековтың кандидатурасы Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалығына бекітілгенін хабардар етті. Жаңадан бекітілуге ұсынылған облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссиялар жетекшілерімен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің үстіміздегі жылы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы» Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Исмайыл хабарлама жасады.
Ардагерлер кеңестерінің жалпыұлттық идея рухында патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, саяси тұрақтылықты сақтау, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау басқа да мәселелерді шешу барысында тұрақты комиссиялардың алатын орны бар.
Күн тәртібіндегі «Облыстық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссияларының мақсат-міндеттерімен таныстыру және төрағаларын бекіту» мәселесі бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы М. Баекеев хабарлама жасады.
Облыстық ардагерлер ұйымында ардагерлер қатарының топтасқандығы мен бірлігін сақтау, бастауыш ардагерлер ұйымдарының жүйелік құрылымдарын жетілдіру мен олардың белсенділігін арттыру, ардагерлердің қоғамдық – саяси шараларға қатысуын қамтамасыз ету талаптары бойынша жұмыстарды жалғастыру мақсатында, аумақтық ардагерлер ұйымдары бойынша құрметті демалысқа шыққан зейнеткерлердің бастауыш ардагерлер ұйымдарына тіркелу жөнінде талдау жүргізілген болатын. Осы талдау қорытындысымен және ардагерлердің төл баспасөзі «Ардагер айнасы» газетіне жазылу барысымен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ө.Шәменов таныстырды.
Аумақтық ардагерлер ұйымдарымен тығыз байланыста болып, тыныс-тіршілігімен танысып, қажетті жағдайда әдістемелік көмек көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында, облыстық ардагерлер кеңесінің Алқа мүшелері аумақтық ардагерлер кеңестеріне жауаптылыққа бекітілді.
Облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!