Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары және тиісті басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе 2022-2024 жылдарға арналған үшжылдық облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Рахымшаұлының хабарламасы тыңдалып, аталған мәселе егжей-тегжейлі талқыланды.

Баяндама тыңдалған соң, «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Б. Махашов су қоймалары туралы және ішкі істер органдарына қаржы бөлу туралы есебімен бөлісті. 

І.Тілеп Қазалы ауданының көшелеріндегі электр желісін жаңғырту, жарықтандыру, Ж. Ысқақ Жаңақорған ауданы орталығындағы «Саяжай-1» учаскесіндегі 300 гектар аумаққа инженерлік-инфрақұрылымдық желілер орнату және музей мәселесі, Қ. Бисенов мектептердегі әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларды ыстық тамақпен, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруін қамтамасыз ету, Г. Есқалиева білім саласына байланысты білім беру ұйымдары ғимараттарының шатырларын жөндеуге қаражат қажеттілігі, мектепке дейінгі ұйымдарды қосымша қаржыландыру, мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету, Т. Шаутай Жансейіт ауылындағы мектеп пен Жөлектегі балабақша жайы, О. Төлепов Жосалы кентіндегі орташа және күрделі жөндеу жұмыстары, С. Бихожа мекемелердегі штаттан тыс қызметкерлерді көбейту мен жедел әрекет ету қызметтерін реттеу, Е. Аяғанов Арал ауданындағы туб.диспансерлік ғимаратты реконструкциялау және Сексеуіл кентіндегі аурухана құрылысы, Н. Әмитов медицина колледжіндегі студенттерге қаржы бөлу, Б. Сабырқызы Шиелі ауданындағы 300 орындық мектепке қосымша құрылыс қажеттілігі және Еңбекші ауылдық округіне қарасты Қосүйеңкі елді мекеніндегі ауыз су, М. Нәлібаев Үкіметтің қаулысымен бекітілген мерекелердің шығындарына сәйкес, басқарма басшыларына қаражат бөлу мәселелері бойынша және т.б депутаттар өз сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Одан соң, күн тәртібіндегі екінші мәселе облыс әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Ж. Еркінбек хабарлама жасады.

Отырыс соңында күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы бірауыздан қаулы қабылданды.

Одан соң, сағат 16.00-де облыстық мәслихаттың кезектен тыс 21 сессиясы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары және тиісті басқарма басшылары қатысты. Сессияға облыстық мәслихат депутаты Т. Жақыпбаев төрағалық етті. 

Cессия жұмысының басты өзегі болған 2022-2024 жылдарға арналған үшжылдық облыстық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты депутаттардың тарапынан болған ұсыныс-сауалдарға облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Н. Қордабай мен өзге де басқарма басшылары тарапынан тиісті жауаптар берілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!