Жуырда Қызылорда облыстық сотында «сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану» мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға Сот әкімшілігі департаментінің бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген сот әкімшілерінің басшылары және мамандары бейнебайланыс жүйесі арқылы қатысты.

Облыстық соттың судьясы Ш.Маликова семинарды ашып, күн тәртібіндегі мәселемен қатысушыларды таныстырып, тақырыптың маңыздылығына тоқталды.

Ш.Маликова өз сөзінде бүгінгі сот жүйесіндегі іс құжаттары мемлекеттік тілде жүргізілетінін, бұл көрсеткіштер жыл сайын еселеніп келе жатқанын атап өтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мәселесін ұдайы назарда ұстап, мемлекеттік тілде түсетін талап қоюлар мен өтініштер санын арттыру керектігін сот әкімшілерінің басшыларына жеткізді.

Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Тәуекел «Іс құжаттарының мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы» тақырыбында баяндама жасап, іс қағаздарын жүргізуде кемшіліктер кетіп жататынын, алдағы уақытта мемлекеттік тілді дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру керектігін атап өтті.

Сонымен қатар кадр бөлімініңбасшысы Ж.Дүйсенова және бас маман К.Ерманова «Е қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме жасады.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!