Қызылорда облыстық сотында статистикалық есептілік және өзге де сот жұмысын жүргізу барысында туындаған мәселелерді талқылау мақсатында семинар сабағы өтті.

         Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова, облыс бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілдері, облыстық соттың, бейнебайланыс арқылы аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері, статистикалық есепке жауапты мамандар қатысты.

         Семинарды Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.

         Шара барысында Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының өкілдері Махаббат Мырзабек, Ажар Ниязбек, Олжас Әлиев баяндама жасады.

         Олар өз сөздерінде азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істердің статистикалық есептерін қалыптастыру, қылмыстық істердің электронды түрде түсуінде туындайтын мәселелерді талқылап, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қабылдануы, есепке алынуы, «1-ОЛ» статистикалық есебі туралы айтып өтті.

         Шара соңында қатысушылар баяндамаларды өзара талқылап, пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!